шпор аударма дайын

 

сөз табу. Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары», Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзді өлеңмен аударған «Вадим» поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Кейде өз жанынан сурет, баяндаулар қосып, кейбір жерлерін мүлде тастап кетеді. Кейде орыстың ол кездегі жоғарғы топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады:Қаймақ еді көңілімде,Бізге қаспақ болды жем.Екі сөз жоқ өмірімде,Мен де сорлы, бақыты кем...«Евгений Онегин» романында қаспақ сөзінің жоғы былай тұрсын, дворяндардың басына мүлде келмейтін сөздер. Абай аудармаларының екінші түрі - осы тәрізді ерікті аудармалы өлеңдер.Абай аудармаларын өзара екіге бөліп қарағанда, бірінші түрі қазақ әдебиет тарихында ең үлгілі, ең сапалы аудармалар болып саналады. Өйткені Абай - бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған ақын. Сондықтан да ол өлеңнің мазмұны, түріне қарап, әртүрлі әдіс қолданады. Орыс тіліндегі өлеңдердің дәлме-дәл аударуға келетіндері болса, қазақ өлең құрылысынан оған дәл, не жақын келетін түрлерді іздеп, «бұлжытпай» дәл беруге тырысады («Қараңғы түнде тау қалғып», т.б.).Абай оларды тек досы көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы да санады.Сонымен қатар Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын, қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны түпнұсқамен салыстырсақ, сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, түпнұсқаның өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала алмайсың және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады. Абай аудармаларында ол жоқ. Дәл, бұлжытпай аударған өлеңдері қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерлерде айырма болмайды. Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында.Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының, бізше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттылығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақ тіліндегі сөздерге ақынның мейлінше байлығы.Пушкин, Лермонтов, Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да талантты ақын болуы керек. Кез келген ақынның оларды ойдағыдай етіп аудару қолдарынан келе бермейді. Абайдан кейінгі қазақ ақындарының, не оның алдындағы Алтынсариндардың аударғандары Абай аудармасынан әлдеқайда олқы жатуы, орыс тілін Абайдан аз білетіндігінде емес, ақындық дарындарының жетпейтіндігінде.Әрине орыс тілін жақсы білмесе, жеке талант та өз бетімен аударма жөнінде ештеңе арзыта алмайды. Және тілді білу бар да, оның әдемілік қасиетін ұғыну бар. Екеуі бір-бірімен байланысты болғанмен, бір емес. Тіл білген адамның бәрі бірдей әрбір сөз, әрбір образдың әдемілік қасиетін түсіне бермейді. Тілдегі сөз образдарының ой тербетіп, жан сүйсіндіретін әсерін сезіну тіл білген адамның бәрінің қолынан келе бермейді. Ол үшін аударушы ақынның өзінде сол тілді жай жақсы білу, түсінумен қатар, әдемілік қасиетін ұғып, соларды түсіне білерлік ақындық сезім, үлкен талант болуы керек.

Абай - А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды.

Авторлық аударма тек қана көркем әдебиет саласынан көрiнiс таппаған. Ол азды-көптi күллi өмiр саласында кездеседi. Сан салалы ғалымдарда авторлық аударма кеңiнен тараған. Кез келген мамандық иесi ғылыми, әдеби көркем шығарма т.б. қандай да болмасын еңбек жазса, оны алдымен орысша жазуы мүмкiн де, кейiнен уақыт талабымен оны қазақшаға аудару керек болады. Мiне, өзiнiң өзге тiлдегi шығармасын қазақшаға аударса бұл авторлық аударма болады. Ғылымның дамып аударылуы, әрi сәттi шығуы аудармашының автор болып өз еңбегiн аударуында. Қазақстан Республикасының Президентi – Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев көпұлтты мемлекетiмiздегi ел басқару iсiнде екi тiлдi пайдаланады. Мысалы, халық алдында сөйлейтiн сөздерiнiң бастапқысы қазақ, орыс тiлдi ұлттар үшiн орыс тiлге аударылады. Әбiш Кекiлбаев, Байкелдi Өмiрбек, Иманғали Тасмағамбетов сынды басқару саласындағы қазақтар да өз қажеттiлiктерiне қарай қазақшадан өз төл дүниесiн орысшаға, немесе керiсiнше орысшадан қазақшаға аударады. Жазушылар Г.Бельгер, М.Шаханов, А. Жағанова осы жазушылық, яғни көркем әдебиеттегi авторлық аудармаға өз шығармашылықтарында қолданып жүрген азаматтар. Әр ғылымның зерттеушi ғалымдары мысалы, механик Ө.М.Сұлтанғазиндi атап өткен жөн болар. Заңгерлер С.З.Зиманов, Ғ.Сапарғалиев, әдебиетшiлерден З.Ахметов, С.А.Қасқабасов, тiлшiлерден өзiмiздiң осы Ұлттық университетiмiзде өз лекциясын екi тiлде де еркiн оқитын ұстаздар бар: Э.Д.Сүлейменова, А.Аманжолов т.б

.

Алайда қазақ эпостық шығармалары аудармасында да кемшіліктер аз емес. К.Чуковский «Алпамыс батыр» жырының Ю.Новиков пен А.Тарковский аудармасына “қазақша түпнүсқаның үлттық канонымен дәл шыққан” деген баға береді. Мәселен Тоқтарбайдың баласы деуді “Тоқтарбаев”, Қүртқаны “Кортке” деп өзгертуі кісі есімдерін бүрмалау болса керек. «Қыз Жібек» лироэпосын Лев Пеньковский өз мүмкіндігі деңгейінде аударды.Фольклорлық мүрапарды, тарихи жырларды, халықтық ауыз әдебиет үлгілерін аудару қиын. Бүған төселген төжірибелі тәржімашылар ең алдымен сол кездегі халықтық тіл ерекшелігін, образдылықты дәл жеткізе білуге көңіл бөледі. Сонымен бірге сол шығарма қай ғасырда жасалса, аудармашы сол ғасыр рухына енуі тиіс. Олай болмаса, шығарма рухы шынайылығымен шықпайды. Гомердің «Одиссейін» алғаш төржімалаған Ливий Андроник үлкен поэманы түтастай аударғанымен, поэма оқырман ықыласына бөленбеді. Өйгкені аударма дәл жасалмады, әрі тілі де ауыр еді. Ал «Илиада» мен «Одиссейді» орыс тіліне алғаш аударған Минский мен Вересаевқа қарағанда, Гнедичтің аудармасы түсінікті әрі шығарманың қүндылығын сезінуге өлшеусіз ықпал еткен. Бүл аударманы Пушкин мен Белинский биік бағалаған. Алайда аударманың ауыр- лығынан оқырман мазмүнын оңайлықпен түсінбеген. Көпшілігі амалсыз Вересаев аудармасын оқыған. Себебі, әр аудармашы өз дәуіріне бейімдеп аударған. Вересаев өз дәуіріне, Г недич Пушкин дәуірінің оқырмандарына арнаған.Аса таланты украин ақыны С. Руданский Гомердің “Илиадасын” 40 жылдан аса аударыпты, 1903 жылы Львовта басып шығарса, 1912 және 1914 жылы бүл тәржіма екінші, үшінші рет басылған. Аударма кітаптың алғы сөзінде И.Франко: “Бүл атағы жайылған Гомерден гөрі нағыз үлттығымызға айналған біздің украиндық Гомер, сонымен бірге ол сондай бақытты үлттық игілікке айналды, мен мүндай еңбекпен мақтануға түрарлық үлтты білмеймін” деген, Ол орыс аудармашысы Н.Гнедич төрізді аудармаға бар қабілетін, кажырын,білімін, шеберлігін, мүмкіндігін аянбай жүмсады. О.Кундзич тілімен айтқанда: “Адамдар өзтума өлеңдері тәрізді қабылдай алатындай”, яғни халықтық рухы танылатындай табысты тәржімалаған. А. Поп Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссейін» ағылшын тілінде өз заманындағы ақсүйектер ортасына бейімдеп жасаған.Архаикалық (көнерген) мәтіндерді яғни фольклор тілін аударуда түпнүсқадағы нақтылық пен көркемдік дәлдігін, дүрыстығын сақтау аса қажет. Фольклор тілі - ежелгі сөздер мен сөздік қордан қүралады. Оны қазіргі тіл заңдылығына салып бүрмалауға да, өзгертуге де болмайды. Түпнүсқада дәуірдің рухы, халықтың түрмыс-тірлігі, салты аудармада дәл жеткізілуімен мәнді. Ең алдымен мәтіндердің идеялық негізіне, мағыналық шынайылығына бойлау керек. Содан кейін аударма нақтылығы, уақыт рухымен және қоршаған кеңістіктікпен, соған сәйкес шығарманың дербес тілдік мәнерімен нақты үйлесуі тиіс. Сонда ғана түпнүсқа мен аударманың стилдік жақындығы немесе мағыналық сәйкестігі жүзеге асады.

филологиялық жеке пән ретінде оқытылуы, аударма арқылы белгілі бір тілде жазылған шығарманың әлемдік рухани қазынаға айналу кезеңдері қамтылады.(ав.Г.Қ.Қазыбек «Аударматануға кіріспе»)

қандай да бір сыртқы «сыншы» тұрғысынан қарауға алып келеді. Осы сыртқы «бақылаушы» аударма операциясының нәтижесін не трансформация ретінде, яғни «дұрыс», не деформация, яғни «қате» аударма ретінде бағалауы мүмкін. Айырмашылық олардың негізділігінде ғана. Аудармашының түпнұсқа мәтінді аударма мәтінге айналдыратын қандай да бір әрекетінің негізділігі аудармашылық іс-әрекеттің дұрыстығына сын айтуға, аударма жұмысының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін басты критерий болып табылады. Басқаша айтқанда, бастапқы мәтіннің аудармаға айналуы сыншы үшін оның «кодталған ойы» аудармашы ойымен сәйкес келгенде трансформация болады. Керісінше, егер аудармашының мәтінді түсіндіруі (ойы) мен сыншының түпнұсқа мәтін мен аударма мәтінді салыстырудан туғындаған түсінігі (ойы) сәйкес келмесе, онда сыншы аударманы мәтінді деформациялау деп түсінеді. Сонымен, аударма сынында түпнұсқаның теріс бағаланатын кез келген бұрмалануы деформация деп аталуы мүмкін. Алайда аудармашының «кемшіліктері» барлық уақыт саналы түрдегі деформациялаушы әрекет ретінде бағаланбауы керек. Өйткені мұндай әрекет көбінесе cтилистикалық қателіктерге қатысты болады және «аударма қателіктері» аталатын ұғымның шегінде қарастырылуға тиіс. Аталған қателік түрлеріне жол бермес үшін аударма теориясында қалыптасқан аудармаға, аудармашыға қойылатын талаптар ғалымдар еңбектерінде түрліше көрінеді және ғылым дамыған сайын толықтырылып, жетілдіріліп отырады. Осы орайда біз Р.Н. Тұмбаеваның іскери хатты аудару барысындағы талаптар мен аударма сапалы шығуына қатысты ұсыныстарын келтіре кетуді жөн көрдік: «Біріншіден, түпнұсқадағы тілдің жасалу жолдары мен әдістерін білу керек. Аудару барысында қолданылған әдістер қиылыспай жатқанда, лингвоэтникалық түзетулер енгізуге тура келеді. Бұған бір мысал ретінде орыс тіліндегі «Министерство юстиции» деген атау қазақ тілінде «Әділет министрлігі» деп беріліп жүр, ал егер оны сөзбе-сөз аударса, студенттің қателескені болып саналады. Жалпы кез келген тілде іскери хат әдеби нормаға сәйкес аударылады. Бұл жерде эмоционалды сөздерді қолданудан аулақ болу қажет, ол тек қана белгілі бір дәстүр шеңберінде қолданылады. Екіншіден, аудармашы мәтін жөнінде жалпы түсінік ала отырып, оптималды жолмен жүруі керек, ол дегеніміз мәтіннің байланысу формулаларын, кеңселік клишелерін, қалыптасқан сөз тіркестерінің стилін т.б. қолдану ерекшеліктерін жете білумен түсіндіріледі. Сөзбе-сөз аудармай, бірыңғай эквиваленттер бірлігінің көмегімен, айқындалған жолмен қажетті әдіс арқылы бару керек: байланысу формуласын дәстүр мен әсерге бағыт жасай отырып, трансформация көмегі арқылы; концелярлық стильді – әртүрлі варианттардың көмегімен; терминдерді – бірыңғай эквиваленттердің сәйкестілігімен беру керек.Үшіншіден, аударманы бітірген соң аудармашы мәтінді қайта тексеріп, аударманың стильдік бірлігін түпнұсқамен салыстыруы және редакциялауы керек. Бұл үшін де редакциялау техникасынан хабардар болу керек. Аударманы редакциялау арқылы аудармашы жіберілген қателеріне анализ жасап, сол арқылы аударма әдістерін меңгереді, өзі үшін қорытынды жасай алады». ісқағаздары аудармасында сәйкестіктердің барлық түрі ескерілуге, аударма барысында қателіктер жібермеу үшін немесе мұндай қателіктерді жөндеу үшін жалпы аудармаға, оның ішінде ісқағаздары аудармасына қойылатын талаптар қатаң сақталуға тиіс деген тұжырымға келуге болады.

қарастырады. Аударма теориясында қазіргі уақытта  «интерлинеарлық» деген термин қолданылып жүр, түпнұсқамен формалдық-құрылымдық тұрғыдан сәйкес келетін аударманы осылай аталып жүр. Интерлинеарлық аударма трансформациялық аудармаға қарама қарсы қойылады.

«Аударманың жалпы теориясы негіздерінің» авторы А.В.Федоров аударма теориясын лингвистикалық тұрғыдан қарай отырып үш үлкен салаға бөледі:1)Аударма теориясының тарихы; 2)Аударма тілімен жұмыс істеудің жалпы міндеттері мен шарттары; 3)Материалдың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты аударманың міндеттері мен шарттары, жеке, нақты аударманы талдаудың принциптерін жасау, жеке стильге байланысты жұмыстар. Аударматудың лингвистикалық қырын сөз еткен келесі бір оқулықтың авторы В.Н.Комиссаров аударма заңдылықтарын үш сала етіп қарастырады: 1)Аударманың жалпы теориясы;2)Аударманың жеке теориясы; 3)Аударманың арнайы теориясы.Бұл екі автордың жіктеуінде айырықша қарама-қарсылық жоқ, әрине атауларында, топтарында өзгешеліктер бар.Айталық, Комиссаров жіктеуінде аударматану тарихы жеке бөлінбеген, бұл автордың «жалпы теориясы» алғашқы автордың көрсеткен екінші саласына, « арнайы теория»деп атағаны алғашқы автордың көрсеткен үшінші саласына сай келеді. Комиссаров арнайы алынған нақты бір екі тілдің арасындағы аударма мәселелерін «жеке теорияға» бөледі.Ескерте кету керек, жеке сала етіп бөлмесе де, А.В.Федоров бұл мәселені де назардан тыс қалдырмайды. Осыларды қорыта келе, біз аударма теориясын төрт сала етіп тексергенді жөн көреміз:1.Аударматану тарихы. 2.Аударманың жалпы теориясы 3.Аударманың жеке теориясы 4.Аударманың арнайы теориясы.Стилистика, тіл білімінің басқа салаларына қарағанда,аударма теориясымен айрықша қарым-қатынаста болады. Бұл түсінікті де. Өйткені тілдік мәтіннің қай-қайсы да болсын белгілі бір тілдік қолданыспен, жанрмен байланысты болады. Ең, бастысы, аудару үстінде аудармашы сөзді тікелей аударумен шектелмейлі, оның түпнұсқадағы тілдік бірліктің қалай, не үшін қолданылғанын басты назарда ұстайды, аударма тілден түпнұсқадағы тілдік құбылысты дәл бейнелейтін құралдарды таңдап, талғап туындатады. Тілмен тікелей байланысты болғандықтан аударматану тіл білімі түйісетін ғылымдардың бәрімен дерлік байланысты. Ал тіл ғылымы жүйесінде аударма теориясы, біріншіден, жалпы тіл білімімен байланысты, өйткені ол көптеген тілге ортақ құбылыстың ортақ заңдылықтарын зерттейді, екіншіден, жеке нақты тілдің лексология, грамматика, стилистика, тарихымен де байланысты, өйткені ол жеке тілдердің ерекшеліктерін үйретеді. Ал бұл – аудармаға аса керекті жайт.Аталмыш лингвистикалық пәндерден аударма теориясының өзгешеліктері бар. Ол, біріншіден, әр тілдегі фактілерді тқрақты түрде бір мезгілде қатыстыра отырып қарастырады, екіншіден, өзара байланысты түрде көрінетін тілдік құбылыстарды комплексті түрде тексереді, өйткені аударма тілдегі жекелеген ерекшеліктерді емес, тұтас тілдік жүйелерді салыстырудың маңызы зор. (Жақыпов 18-20 б.)

мақсатында қазір филология ғылымында «языковое посредничество» деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша «тілдік дәнекерлік» деп алдық.Тілдік дәнекерлік-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы.Тілдік дәнекерліктің, ғалымдардың анықтауы бойынша, бірнеше түрлері бар. Олар – мазмұндау(пересказ), шола баяндау(реферирование), қысқартылған аударма(сокращенный перевод), арнайы мақсатты дәнекерлік және аударма.(Жақыпов 10-13б)

   

қазақтың диуанасына қайыр сұрау әрқашан қажет емес.Сол сияқты шапанды халат деп аударуға келе бермейді.

Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген (опущения) сөздер болмауы керек.11. Өлең аудармалары қара сөз түрінде аударылуы тиіс.12. Өлең аудармалары өлең түрінде аударылуы тиіс [6, 48-49-бб.].Аударма қаншалықты шығармашылық әрекет десек те, аудармашы ойына не келсе, соны істей береді деген пікірден аулақ болуымыз қажет. Аударма түпнұсқаның мазмұнын толық жеткізіп, қабылдаушыға (оқырманға) дәл сондай әсер ету керек екені, әрине, сөзсіз. Аударма әрекеті – аудармашының когнитивті-коммуникативті іс-әрекеті болғандықтан, оның туындысы – аударма – түпнұсқаның мазмұны мен эмоционалдық, стильдік реңін бұзбай жеткізуі қажет.Сонымен, нақты айтсақ, аудармаға қазіргі таңда қойылатын талаптар қандай? Қазіргі аударматануда аударманың (қандай түрі болмасын, барлығына тән) сапасын бағалайтын бес негізгі критерий белгіленген.Біріншіден, мазмұнның сәйкестігі, аударманың мазмұнындағы олқылықтар деректік қате деп саналып, оның сапасына үлкен нұқсан келтіреді.Екіншіден, аудармаға деректік сәйкестіктен басқа да талаптар қойылады. Олардың негізгісі – аударма тілінің ереже, заңдылықтарына сай болу. Аударма мәтінде тілдік қателер болса (жазылым жағынан – орфографиялық, сөйлем құру жағынан – синтаксистік, сөздердің септелу, жіктелу жағынан – морфологиялық, сөздерді қолдану жағынан – лексикалық т.б.), ондай аударма да қанағаттанарлық деп саналмайды.Үшіншіден, жоғарыдағы екі көрсеткіш орындалған күнде түпнұсқа авторының коммуникативтік мақсаты аудармада дәлме-дәл болып шықпаса, оның сапасы төмендейді. Мұндай олқылықтар (түпнұсқа жарық көргенде автордың алға қойған негізгі мақсаты аудармада сәл өзгеріп кетсе) кейбір сөздердің, сөз тіркестерінің, идиомалар мен қанатты сөздердің астарлы мағыналарын түсінбегендіктен, яғни екінші тілді жаратқан халықтың ұлттық мәдениетін жете білмегендіктен пайда болады.

түпнұсқаны жартыкеш түсінуден, анық түсінбеуден, шетел тілін білмеуден немесе түпнұсқада бейнеленген болмыстан хабарсыз болудан келіп шығады. Түпнұсқада бейнеленген болмысты түсіну мен оның тілцін білу және аударма тілін қолданудың арасында тығыз байланыс бар.Аударма тілінің жалпы тілдік нормалармен үйлесу-үйлеспеуінің аударма үшін тағы бір маңызы сонда, ол –түпнұсқаның стильдік ерекшеліктерін басқа тілде жеткізудің мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.Жекелеген элементтердің (сөздердің, сөз тіркестерінің,грамматикалық тұлғалардың) немесе мәтін түрлері мен сөйлеу қалыбына қатысты мәтін бөлігінің нормаға сай болуы я одан өзгеше болуы стильдік құбылыстың мәнді сипаты болып табылады.Бұл сипат тілдің мүмкіндіктері мен оның нормаларынан қаншалықты ауытқуға болатындығын межелеп алудың нәтижесінен келіп шығады. Мәселен, Сәкен Сейфуллинің «Тар жол, Тайғақ кешу» романын алсақ, онда бір оқиғаны баяндап жеткізудің өзінде көркем образдылық, публицистикалық сарын, ауызекі сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер, ресми-құжаттық материалдарының араласып, астасып, астарласып келіп отыратынын айқын көруге болады.

деген балама арқылы берілген.Тебя тятя высечь хочет,- поспешно прокричал первый голос (И.Тургенев, «Записки охотника»).- Апам сені сабаймын дейді, - деп жалма-жан жауап қайырды бірінші дауыс (ауд. Қ.Сағындықов).

– длинная, утолщенная к концу палка, употребляемая в конном бою.

Екіншіден, аударуда екі тілдің тұтас грамматикалық жүйесін есепке алып отыру керек, жекелеген жайттарды қуалап кету олқылыққа ұшыратады.

Енді кең көлемді контекске келейік;Алтын қылыштан қураған үйеңкі артық-Алтын қылышпен салыстырғында қураған үйеңкі артық.Қағазыңыз бар ма?-Қағазыңыз бар ә?Бұл сөйлемдегі 1ші вариант жазба,ал 2ші ауызекі стильде.Қорытынды;Түпнұқа тілмен аударма тілдің гр жүйе-ң сәкессіз-і,осыдан келіп шығатын кейбір гр форма-ы дәлме-дәл бере алмау сияқты қиындықтан басқа гр құралдармен немесе граматикалық тұлғалардың орнына лек-қ сөз қолданумен игереді.

салаларына қарағанда, аударма теориясымен айырықша қарым – қатынаста болады. Бұл түсінікті де. өйткені тілдік мәтіннің қай – қайсысы да болсын белгілі бір тілдік қолданыспен, жанрмен байланысты болады. Ең, бастысы, аудару үстінде аудармашы сөзді тікелей аударумен шектелмейді, оның түпнұсқадағы тілдік бірліктің қандай, не үшін қолданылғанын басты назарда ұстайды, аударма тілден түпнұсқадағы тілдік құбылысты дәл бейнелейтін құралдарды таңдап, талғап туындатады.

Сөз мәдениеті – бұл тілдік құралдарды орынды, шебер, мақсатты түрде пайдалану, қажеттілігінше дәл қолдана білу. Аударма жасау барысында немесе аударма шығармаларын редакциялау кезінде мұның өзіндік ерешелігі мен мән-маңызы айқындала түседі. «Қалауын тапса қар жанар» демекші, аударма шығармашылығында әр сөздің өзіндік ерекшелігін біліп, оны түпнұсқа мәтініне сәйкес таңдау, дәл де ұтымды қолдану мәні айрықша. Сөз мәдениеті эстетикалық ықпалды күшімен адамның ғылыми және көркемдік ойларын жетілдіру ісінде маңызды рөл атқарады. Ол ойлардың өзара жалғастығы жағдайында, логикалық ережелер мен әдеби тілдің нормаларына сәйкестік негізінде тілдік бейнелеу құралдарын шебер, орынды пайдалануды талап етеді. Сөз мәдениеті – адамның жалпы жоғары мәдениеттілігін, оның туған тіліне деген сүйіспеншілігін айқындайды. Сөз мәдениетін құрметтеу арқылы аудармашы өз тілінің бұрмаланбауына, аудармада қалай болса солай, орынсыз, қарабайыр түрде қолданылып кетпеуіне зор көңіл бөледі. Аудармадағы тіл байлығы, сөздік қордың молдығы сөз мәдениетінің жоғарғы дәрежесін көрсетеді. Тіл байлығы – ой байлығы. Аударманың бай сөздік қорымен, стилистикалық-семантикалық, лексикалық сипатымен көрінуі – тілді шебер меңгерудің ықпалы. Тілдік норма әдеби тілдің тұтастылығымен ортақ түсініктілігін сақтауға ықпалдасады. Бұл әдеби тілді диалектілерден, әлеуметтік және кәсіби жаргондардан, қарапайым ауызекі сөйлеу тілінен қорғайды. Бұл жағынан келгенде мәдени қызмет атқарады. Әдеби тіл нормасы орфоэпиялық, грамматикалық және лексикалық нормаларды үйрену арқылы меңгеріледі. Аудармада тіл мәдениетін сақтауда стилистиканың орны ерекше. Сөйлеу мәдениеті ұғымында да тіл нормасы өзекті мәнге ие. Демек, жазбаша аудармада, әсіресе көркем аудармада тіл нормасын сақтаудың өзіндік рөлі болса, ауызша аудармада да тілдің нормасын қалайда сақтауға ұмтылу жөн. Әдеби тілдің нормасын сақтаудың басты негізі – сөйлемдерді грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құрай білу. Сондай-ақ өзара қарым-қатынас барысында сөздегі этикалық норманы сақтау да маңызды. Яғни, сөз сөйлеу этикасы (әдебі) адамгершілікке, ұлттық-мәдени дәстүрге, сыпайы, сыйластық қарым-қатынасқа негізделеді. Аудармашы тіл білмінің заңдылықтарын филологтан кем білмеуі қажет. Жақсы аудармашы болғанымен аударма тілі нашар, қарабайыр, солғын жасалса үлкен қателік. Сондықтан лингвистиканың бар заңдылықтарын жетік білу аудармашыға аса маңызды.

жиі кездесетін құбылыс.Мыс;Английское правительство-Ағылшын үкіметі,серебряная ложка-күміс қасық,мамино пальто – шешемнің пальтосф т.б.

Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталып жүр. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.Аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді

Фондық мәлімет – бұл белгілі бір халық немесе ұлт үшін өзгеше, оның негізгі бөлігімен қолданылатын және берілген ұлттық қоғамның тілінде белгіленген қоғамдық-мәдени мәліметтер.Фондық мәліметтің мазмұны, біріншіден, ерекше тарихи факторларды, ұлттық қауымның мемлекеттік құрылымын, географиялық аймақтың ерекшеліктерін, өткен және қазіргі шақтың материалды мәдениетінің ерекше заттарын, этнографиялық және фольклорлық ұғымдарын және т.б. қамтиды.Яғни, аудару теориясында реалия деп аталатынның барлығын қамтиды.

Аударма-адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын “қос тілді” адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды. Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды. Аударма қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді деген сұрауға меңгерген ортақ тілі жоқ адамдар арасында тұрақты түрде үзіліссіз туып отыратын қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады деп жауап беруге болады. аударманың қоғамдағы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір ф.ғ\да «тілдік дәнекерлік» деген ұғым пайдаланылып жүр. Тілдік дәнекерлік – әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Тілдік дәнекерліктің бірнеше түрі бар: мазмұндау, шола баяндау, қысқартылған аударма, арнайы мақсатты дәнекерлік және аударма. Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді “аударма ғасыры” деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.

мәселесі психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика,мәдениаралық коммуникация тәрізді лингвистикалық қырларынан қарастырылуда

биязы, жатық тілмен жеткізе білген. Ф.М. Достоевскийдің романдарындағы кейіпкерлердің әрбір жеке ішкі монологы екі түрлі дауыстан тұратындықтан, оның романдарында диалогтық қарым-қатынастың рөлі басым. М.М. Бахтин романдағы бір ойдың төңірегінен екінші бір ойды, яғни ойдың екіге бөлінуін атап көрсетеді: «Бір ой көрген жерден ол екі ой, екіге бөліну таба білді; бір қасиет көрген жерден ол басқа, қарама-қарсы қасиеттің болуын ашты. Қарапайым көрінгеннің бәрі де оның әлемінде күрделеніп, көп құрамдыға айналды. Бір дауыста ол екі айтысқан дауысты, әрбір сөзде торығу мен басқа, қарама-қарсы сөзге ауысуға дайындықты ести білді; әрбір ишарада ол бірмезгілде сенімділік пен сенімсіздікті байқай алды; ол әрбір құбылыстың терең екі мағыналығын және көп мағыналығын қабылдай білді» (76, 41). М. Бахтин жазушы кейіпкерлерін тәуелсіз қаһармандар (авторға) деп атайды, себебі олардың бір-бірімен 90 пікірталасқа түсіп, айтысулары арқылы өмірге деген көзқарастары өзгеріске ұшырап отырады. Бұл жазушы шығармашылығының басқа романистерден айырмашылығын білдіреді. Сонымен қатар, бірқатар зерттеуші-ғалымдардың еңбектерінде жазушының романдарындағы монологтар мен диалогтардың орны мен маңызды рөлі туралы пікірлер айтылған. Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығын зерттеуші А. Луначарский жазушы өз кейіпкерлерімен тығыз байланыста өмір сүретіндігін, олардың қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуде монолог пен диалогқа жүгінетіндігін айтқан. Ф.М. Достоевский қысқа жазбайды, себебі ол өз кейіпкерлерін сомдай отырып, олармен бірге өмір сүреді. Осы ретте оған кейіпкерінің немен айналысатындығы емес, не ойлайтындығы, не айтатындығы маңызды. Жазушы ұзақ сөйлегенді жақсы көреді. Оның шығармасында монологтар мен диалогтар кеңінен орын алған. Осы монологтар мен диалогтар арқылы ол адамның ішкі жан әлемінің тереңдігіне үңіледі. Қаламгердің барлық шығармалары психологиялық-философиялық сипаттағы мазмұны мен пішіні тұрғысынан ерекшеленеді. Қаламгердің «Ағайынды Карамазовтар» романындағы кейіпкерлердің монологтары мен диалогтары арқылы адам баласының ойлау кеңістігі аңғарылады. «Монолог – драмалық шығармадағы, сондай-ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі» (52, 142). Б. Майтанов көркем шығармадағы монологтың қызметін былай түсіндіреді: «Монолог арқылы да мінездер ерекшелігі, ойлау сипаттары, образдың дүниетанымдық арналары өрнектеледі» (77, 291). Ф.М. Достоевский шығармаларындағы монологтар философиялық ой-толғаныстар ғана емес, сондай-ақ шығарманың өзегі болып табылады. Жазушы әрбір монологта ерекше жаңалық аша біледі, өйткені оған құпия мағына үстейді. Оның «Бишаралар» романынан бастап соңғы «Ағайынды Карамазовтар» романындағы еркін адамзат тұлғасының жүрек жарды сөзі оның монологының басты тақырыбын құрайды.Ф.М. Достоевский өз ойын баяндауы үшін романдық кеңістік, шабыт пен ойдан шығарылған, сонымен бірге адами мінез- құлықтар мен образдарды қажет етті. Сонымен, жазушының шығармасындағы монологтар идеялар әлеміне жол ашады. Әдеби сын үшін Ф.М. Достоевскийдің творчествосы бірқатар дербес және біріне-бірі қарама-қарсы философиялық ой-түйіндерден тұрады. Бұл керағар ой-түйіндер романдағы кейіпкерлердің сан-алуан көзқарасын білдіреді. М.М. Бахтин осы ой-көзқарастың сан-алуандығын Ф.М. Достоевский шығармашылығына тән құбылыс – «көпдауыстылықпен» түсіндіріп берді. Зерттеуші жазушының шығармашылығына терең талдау жасап, оның романында басқалар көре білмеген жаңа қырды бірінші болып анықтап, оның романына «полифониялық роман» деген анықтама берді.

«Эквиваленттілік» термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П. М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. «Алғаш рет «эквивалент» терминін «Аударманың лингвистикалық аспектілері» туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді»

Тілдегі сөздердің ,әсіресе, аударылатын түпнұсқада ұшырасатын сөздердің мағынасын айқындауда ол сөздерге ана тілінен қажетті сөздерді таңдап, тауып алуда контекст шешуші қызмет атқарады, яғни аударуда түпнұсқа мен аударма тілдің контексінен ауытқап кете алмаймыз.Аудару үстінде сөздің мағынасын жеткізу үшін бірнеше мүмкіндіктің бірін таңдауға тура келеді. Бұндай жағдайға тән үш түрлі жайтты атап көрсету керек:1.Аударма тлде түпнұсқадағы белгілі бір сөзге сәйкес сөз болмайды тіпті жоқ, әйтпесе мағынаға келмейді;2.жат тілдің сөзіне аударма тілдегі сөздер толық сәйкеспейді, мағынасы жартылай ғана келеді;3.түпнұсқадағы көп мағыналы сөздердің әр түрлі мағынасына аударма тілде әрбір жеке сөздің балама болып келуі мүмкін. Ал түпнұсқадағы бір ғана мағыналы сөзге аударма тілден дәл сондай бірдей мағыналы сөз табылуы- сираектеу құбылыс.Бұндай тепе-теңдік сөз құрамының белгілі бір қабаттарына ғана байланысты бола алады. Мәселен: вторник-сейсенбі, жизнь-өмір т.б

отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын. Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.Алданып жегеніме оны ұмытсам,Болғандай жегенімнің бәрі қарам, —деген жолдардың нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы.

қазақ тіліне аударылып, 1903 жылы басылып шыққанын атап кеткен жөн. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясында Пушкиннің өнерпаздығы Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады.

­дерге түсініктеме (глассари) жасап жатыр (аударуға оңай болу үшін). Шығарманың кейбір сөздерін аудару мүмкін емес. 

Әуезхан Қодар СССР және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыс жөніндегі Бас редакциялық коллегияның редакторы қызметін атқарған. 1994 жылдан бері «Алтын ғасыр» Қазақстан халықтары мәдениетін қорғау жөніндегі одақтастықтың президенті, 1999 – 2001 жылдары “Сорос-Қазақстан” халықаралық қорының Басқарма мүшесі, 2002 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі кеңестің мүшесі, 2006 жылдан «Еуразиялық зерттеулер институты» Ресей-Қазақстан қоры бас директорының кеңесшісі, 2006 жылдың мамырынан – Мәдени саясат және өнертану институтының директоры болған еді. «Парасат» орденімен марапатталған.Қазақ тілінде Әуезхан Қодардың екі кітабы шыққан: «Қанағат қағанаты» (1994), және «Оралу» (2006), орыс тілінде шыққандары: «Крылатый узор» (1990), «Абай (Ибрагим) Кунанбаев (1996), «Круги забвения» (1998), «Очерки по истории казахской литературы» (1999), «Степное знание: очерки по культурологии» (2002), «Зов бытия» (2006) және қазақ поэзиясының бес ғасырын қамтыған «Антология казахской поэзии в переводах Ауэзхана Кодара» (2006); ағылшын тіліне аударылғаны – «Цветы руин» (2004). Өлеңдері ағылшын, кәріс, украин тілдеріне аударылған.Әуезхан Қодар қазақ және орыс тілдерінде жазатын билингвалист және ұлттық классиканың аудармашысы ретінде танымал. Орыс тіліне ортағасырлық жыраулардың поэзиясын, Абайдың, Мағжанның, Жұматай Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қазақ тіліне Е.Замятинның «Атилла» драмасын, М. Хайдеггердің, Ж. Делездің, Х.Ортега-и-Гассеттің және «Батыс философиясы антологиясы» жинағына кірген өзге шет ел философтарын аударған (2002). Қазақ тілінде шыққан «Мәдениеттану сөздігінің» (2001) авторларының бірі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында қазақ тіліне әлемдік мәдени танымның екі томын аударған.

шығармашылық азабына төзе алатын, баланы жанындай жақсы көріп, жүрегімен сезінетін ақын-жазушыға жүктелетін зор жауапкершілік. Бұл шығармалардың аудармасы да үлкен жауапкершілікпен атқарылар іс. Балалар әдебиетінің аудармашысы да бұл саламен айналысқан қаламгер, зерттеуші болуы заңды. Балалар жандүниесінің нәзік деталіне дейін түсінетін психолог, олардың мінез-қылығы мен өмірлік дағдыларын терең тани алатын педагогтық қасиеттермен бірге, оларды ізгілік пен имандылыққа, өнегелі адамгершілікке баулитын, жаман қылықтардан, жат әрекеттерден бойын аулақ салдыратын туындылар жаза алатын талантты ақын-жазушы болуы міндетті. Аудармашы да осы деңгейден табылуы тиіс. М. Андерсен шығармасын орыс жазушысы К. Чуковский 1929 жылы «Доктор Айболитті» аударған. Сол аударманы қазақ ақыны Ж. Әбдіраш 1978 жылы «Дәрігер Айболит» деп аударған.

керісінше болып шыққан. Аудармашы Ә.Нұрпейісовты зорлықпен өз қалыбына түсірген.Балықшылар дөрекі және мәнерсіз сөйлеуге тиіс деген оймен Ю.Казаков “Ымырттағы” балықшы атаулының бәрінің сөзін түпнұсқадағы шешендіктен, әсемдіктен айырады, оларды тұрпайы сөйлетеді. Ю.Казаков аудармасында жұрттың бәрі: жас та, кәрі де, әйел де, еркек те аттап басқан сайын балағаттасып жатады. Қазақ табиғатына жат, мұндай анайы сөздерді жинақтасақ, әлденеше бетке жетер еді. Сонда бұл да “қазіргі заман оқырмандары ұнататын ширақ, ырғақты” стиль болғаны ма? Тіпті Ю.Казаков орыс оқырмандарының құлағына тосын естілер деген кісі аттарының өзін өзгеріске ұшыратқан. Мәселен, Жасағанберген деген “ұзын” ат “ықшамдалып” Жасанжан болып шыққан. Осы арада бір кезде “Евгений Онегинді” аударған Әсеттің қазақтардың тілі келіңкіремейтін Татьянаны Тәтішке айналдырғаны еске түседі. Ә.Нұрпейісов Ю.Казаков аудармасы арқылы Одақ көлемінде ғана емес, шетелдерге де танылып отыр ғой. Алайда, мына бір жайды естен шығаруға болмайды: Ә.Нұрпейісов – ешкімге ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар, талантты жазушы. Оның шығармалары аудармашының “түзетуін, өңдеуін” тілемейді

Газеттік-ақпараттық материалдарда көп мағыналы терминдер, синоним- терминдер,қысқартылған терминдер мен атаулар жиі кездеседі.

Италиялық ертегілердегі аналар қиын - қыстау кезде, тарих пен адам тағдыры есепке қойылған кезде әрекет етеді. Нағыз барып түрған опасыз іс - сатқындық, зүлымдық. Осыларға қар- сы күресте Горькийдің аналары өздерінің айнымас кесімдерін айтады. Сөйтіп, әрі азамат, әрі ана Мария іштен шыққан шүбар жылан үлын өз қолымен өлтіреді. «Барлық елде, әр заманда барлық қанішерлер үшін, барлық ананың айнымас кесімі осы да!» деп үран етеді. М.Горькийдегі шындық үшін, әділет үшін өмірдің небір қиындығына да қарсы түрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмір тартатын, сол өмір үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзінің үлы- лығын сезінетін, әрі мейірбан, әрі өршіл, өжет ананың образы Ғ.Мүсіреповтың новеллаларындағы Қапия, Нағима, Наталия, Ақдима секілді аналар бейнелерінен жалғасын табады.Жазушы, аудармашы Ғабит Мүсіреповтың ана туралы әңгімелері қазақ әдебиетін тақырыптық жағынан байытқан, жазу мәнері жағынан өзгеше өрнек әкелген бағалы шығармалар екендігі анық.

Ғабит Мүсірепов шығармалары өте қызықты, оқырманды бірден баурап алып, оқуға деген қызығушылығын оятады. Жазушының көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған. Және де ол аударалар сатті аудармалар деп айтсақ қателеспейміз. Солардың біріне тоқтала кетсем, Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» романы. Орысша аудармасы Мусрепов Габит «Пробужденный край». Аударған Н. Городеев және В. Дуденцев. Түпнұсқада бұл кітап 483 беттен тұрады. Ал аудармада 448 бет. Аудармада мағынасы жағынан жуық түпнұсқада жоқ сөйлемдер қосылған. Және де түпнұсқадағы сөйлемдегі «өң бүйірден» дегенді аудармашы «едва с востока» деп аударған. Сөйлемнің осы сөздері ғана дәлме-дәл аударылмаса да, басқа сөздері сөзбе-сөз аударылған. Түпнұсқада азатты жолмен жазылған сөйлемдер аудармада бір сөйлеммен азатты жол қылмай екі азатты жол қылған. Аудармадағы кейбір сөйлемдер аудармашының өз жадынан қосылған. «Еще утром степь лежала в тихой дреме, раскинувшись будто спящая девушка». Бұл сөйлем түпнұсқада болмағанымен мағынасы жағынан мәтіннің не туралы екенін түсіндіреді. Аудармашы түпнұсқадағы кейбір сөйлемдерді аударғанда мағынасы жағынан орындарын ауыстырып жіберген. Орындары ауысқанмен бұл сөйлемдер де сөзбе-сөз аударылған. Жалпы менің аудармашыға берер бағам өте жақсы. Себебі, түпнұсқадағы мәтінді сөзбе-сөз аударған. Және де аудармашылар қазақ жазушысының қолданған төл сөздерін шама-шарықтары келгенше аудара білген. Өте нақышты.

өмірге деген сілкінісін байқатады. Сол лирикалық кейіпкер «Алғашқы адым» өлеңінде жұпыны, жүдеу өмірден оқу-білім алуға қалаға аттанады:Аттандым ауыл-анаданОқуға кеттім қалаға.Жабыла маған қараған,Жалтаңдай кеттім далаға.Жарбиған жаман тон, тымақ,Жабысып кетті үстімде.Жанайын деген бір шырақ,Жалтылдап кетті ішімде– дейді .Ақын осы өлеңімен-ақ бейнелі сөзбен картина жасаудың шебері ретінде көрінеді. Дала біткеннің жабыла қарауы, лирикалық кейіпкердің жалтаңдап аттануы Ғали ақынның образ жасаудағы қадамдарын нақтылай, даралай түседі. Лирикалық кейіпкердің «жалтаңдауымен», біріншіден, ауылдан ұзап шықпаған жас балаға тән ұяңдық, жасқаншақтық, екіншіден, бұрын-соңды көрмеген үлкен әрі бейтаныс қалаға бара жатқандағы қобалжуды, оның ішкі жан тебіренісін ақын шынайылықпен көркем жеткізе білді. Бала үстіндегі «жарбиған жаман тон, тымағы» лирикалық кейіпкердің жұпыны жерден шыққан жүдеулігін танытса, оқу-білімге ұмтылған жас ішіндегі жалтылдаған от ұшқынын ақынның аңғаруы да орынды.

Ғылыми-техникалық аударманың негәзгі стилистикалық ерекшелігі – оның дәл және нақты берәлуінде, яғни мәтінге эмоционалдық-экспрессивті бояу беретін айрықша белгілердің болмауы. Басты назар берілетін мәтіннің эмоционалды-сезімдік жағына емес, логикалық мағынасына аударылады. Сөздік құрамы бойынша техникалық аударманың негізгі ерекшелігі оның осы білім саласына сай арнайы терминологиямен қамтылғандығында. Ғылыми-техникалық мәтіндердің өзегі – терминдер, сондықтан ықшамдылық, қолдануға қолайлылық, жүйелілік талаптарына да сай келіп, ұғым мазмұнын дәлірек беретін болуы тиіс.

Ғ.Мүсірепов), «Гроза» - «Найзағай», «Жазықсыз күнәлілер» - (ауд. Қ.Сағындықов), «Шындық жақсы болса, бақыт одан да жақсы» - (ауд. Ә. Тәттібаев), «Мысыққа күнде той бола бермес» - «Невсякого мудреца довольно простить» (ауд. М.Жанғалин).Аудармашылар пьесаларды ұлттық сахнамызға жақындатуға барынша тырысқан. М.,Қ. Сғындықов «Найзағай» атты 5 перделі драмада Волга өзенінің ежелгі дәстүрлі Еділ атауын алып, оқырман санасына сіңірген. Алайда аудармашы Кудряш (Ваня) жас жігіт кеңсе қызметшісі аузына ол деген сөзді жиі қайталаатады.М. аудармада:Анау ма?Ол інісіне ұрсып тұрған Дикой ғой.Орысшасы:Это? Это Дикой племяника ругает.М.Горький пьеса/ның бесеуін Ғ.Оспанов қаз. Тіілне ауд/н. Олар:1) «Шыңырау түбінде» («На дне»); 2) «Әпенділер» 3) «Зыковтар»; 4) «Шал»; 5) «Яков Богомолов»; 6) «Күн перзенттері» (ауд. З.Қабдолов)

Из под ног земля уйдет.- деген өлең жолдары Е.Бөкетов тәржімасында қазақтың төл өлеңіндей тілге де, жүрекке де жылы тиіп, бірден оқырманын еліктіріп әкетеді. «Қол ұстасып жөнелейік, Дөңгеленіп би билейік. Жер мен аспан көзден ғайып Болғанынша зымырайық. 

Оренбург-Орынбор,Омск-Омбы,Москва-Мәскеу.

деуінде де бүгінгі күннің шындығы бар. Сол тәсілмен аударылған шығармалар да көп. Олай болса «жолма-жолдық» ұғымы толық сөз етілуі, оның біздегі кейбір жақсы да, жаман да жақтары көрсетілуі керек. Жолма-жолдық әдісін қолдаушылар негізінен, дұрыс пікір ұсынады. Олар аударма түпнұсқаға жақын болған сайын автордың стилі, үні толық беріледі дейді. Шын талант өзге біреу сірестіріп қоятын сөзбе-сөзділіктің өзін сырлы сұлулыққа суара алады, шын талант өзге біреу жабыстырып қоятын жолма-жолдылықтың өзін жарасымды жымдастырып жібереді. Бұл орайда Ғали Орманов аударған Пушкиннің “Қысқы жол” өлеңі нақты мысал бола алады.

ұштастыруға себепшi болып отырған елеулi күштердiң бiрi“. Егер бiз аударма iсiмен байланысы бар адамдардан әлемдiк мәдениет үшiн көркем әдебиеттiң түпнұсқасы мен аудармасының қайсысы маңызды деп сұрасақ, бәрi бiр ауыздан түпнұсқа деп жауап қайтарары даусыз. Аудармаға деген үлкен сый мен құрмет бола тұра бiз түпнұсқаны маңыздырақ көремiз. Аударма әдебиеттi қосымша әдеби құбылыс ретiнде қарап, көркемдiк сапасы мен әсерi жағынан түпнұсқамен теңесе алмайды деп ойлаймыз. Әйтседе, аударма түпнұсқаны алмастыра алады. Қазiргi мәдени алмасу дәрежесiне сай, қандай да бiр ұлттық мәндi көркем туынды екiншi бiр тiлге аударылған кезде сол құнды да көркем сапасында адамзат мәдениетiнiң қазынасына айналады. Ал “аударылмаған көркем шығарма өз төл әдебиетiнде белгiлi бiр кезеңде өмiр сүредi де, уақыт өте келе ұмытылады, әдебиетiнде айтарлықтай iз қалдырмайды“ деп жазады Ю.Левин “Аударма және әдебиет“ атты мақаласында. Сонымен қатар ол әлемдiк әдебиеттiң өмiрiн ұлтаралық әдебиеттiң негiзгi көзi - аудармалар болмаған жағдайда ойға сыйымсыз, ақылға қонымсыз екенiн атап көрсетедi. Көркем шығарманың әлем әдебиетiне енуi аудармасыз мүмкiн емес болса, аударма да түпнұсқасыз болмайды. Ендеше бұл екi әдеби құбылыс тек қатынаста тұруы тиiс. Егiз көркем туындының қайсысы маңызды деген сұрақтан гөрi, керiсiнше, көркем шығарманың қай түрiнде болмасын, ол адамзат болмысына қалай әсер етедi, адамзаттың даму жолында қандай рөл атқарады деген мәселе ойландырғаны жөн секiлдi. Қазiргi әдебиеттану ғылымында көркем аударма проблемасы аса өзектi мәселенiң бiрi екенi дау туғызбаса керек.

бояулы болады” деп, аударма шығармашылығының тіл мәдениетіне тигізер ерекшелігін айқындайды. Көркем аударма көкжиегі кеңейген сайын, үлт әдебиеті мазмүн, түр, жанрлық жақтарынан жаңара, жетіле түседі. М. Топер ойымен айтқанда: “көз келген шығарманы аудара бермеу керек, бөрінен ең жақсысын, анағүрлым лайықтысын, анағүрлым маңыздысын және елеулісін аудару керек”. Академик Н. Букетов “басқа халықтар әдебиетінің қалың жүртшылығымыздың рухани тілегіне керекті үлгілері... жоспармен дөйекті түрде аударылып отыру қажеттілігін” орынды көтерген. Аудармаға да қатаң талап талғаммен қараған дүрыс. Оқырманды қызықтыратын туынды кезек күттірмеуі керек. Аударма жетілдірілген сайын, ол соншалықты күшті өрі маңызды, ал көбейген сайын соншалықты бір үлттың дәстүрі екіншісімен терең үштасады, әдебиеттердің өзара ыкпалдастық үдерісі пөрменді жүреді.

Қазақ оқырмандарын Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин («Қарға мен түлкі»), Абай («Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден») таныстырды. А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С.Көбеев «Үлгілі тәржіма» атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді. Крыловтың туындылары «Мысалдар» деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан. Әуезов Абайдың Крыловтан аударған «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен кұмырсқа», «Піл мен канден», «Түлкі мен қарға» атты 5 мысалын ерекше жоғары бағалаған. Ал қалған 8 мысалды қатты сынап, оларды Абай аудармасы болмауы мүмкін деген күдік айтқан. Сөйте тұра, Крыловтың 13 мысалын Абай аударған мысал-өлеңдер ретінде өзі дайындап бастырған 1933 жылғы жинаққа, одан кейін тікелей өз басшылығымен әзірленген ақын шығармаларының 1957 жылғы екітомдық толық жинағына енгізген. Оның үстіне бұл мысалдар Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағы мен Мүрсейіт қолжазбаларында Абай аудармасы деп көрсетілген. Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын шартты түрде көшірме-аударма және сарындас-аударма деп екі топқа бөлуге болады. В. Г. Белинский Крылов мысалдарын өлеңдік өрнегіне, шеберлік сипатына қарай:а) өсиет (мораль), ақыл-кеңес айтуға,ә) өсиет аралас ақындық шабытпен жазылған,б) шынайы көркем туындылар деп бөлсе, Абай өсиетшіл мысалдарға көп көңіл бөлмеген.Сол сияқты Крыловтың үшінші топтағы аса көркем туындыларына да онша бой ұрмай, көбіне екінші топтағы шығармаларын аударған. Оның басты себебі бұл мысалдардың қазақ өміріне тақырып, мазмұн жағынан неғұрлым жақынырақ тұрғандығында болуы.Әуезов айтқандай, Крылов мысалдарының «ең қымбатты ішкі мәнін ғана алып», өзінше, басқа түрмен, төл туынды дерлік дүние жазған Абайды орыс мысалшысы шығармаларының көркемдік шеберлігін жеткізе алмаспын деп қауіптенген болуы керек деп айыптай алмаймыз.Ақын өзі аударған мысалдардың көпшілігіне түпнұсқада жоқ сөздер мен тіркестер, тұтас көріністер баяндалатын шумақтар қосып, толықтырып, байытып отырған. Мысалы, «Есек пен бұлбұл» мысалында Крылов әңгімені бірден есек пен бұлбұлдың кездесуінен бастаса, Абай түпнұсқада жоқ «Тойған есек шөпті оттап маңайдағы,Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.Қаңғырып өлкені ерлеп келе жатып,Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы...» -деген жаңа шумақпен бастайды. Алдымен Есектің тойып, көңлі тасып, өзіне өзі риза болып, ерекше бір мамыражай күйде ерігіп келе жатқанын білдіру арқылы оның сұлу ән, ғажайып әсем үн тыңдау үшін емес, әшейін ермек үшін сөз бастағанына көз жеткізіп алады. Мысалдың түйіндеуі де өзгеше. Абай Крыловтың бір жолдық тұжырымын бұлбұлдың өте табиғи, бір шумақтық сөзімен аяқтайды. Осындай өзгешеліктерді екі мысалшының «Жарлы бай», «Шегіртке мен құмырска», «Қарға мен бүркіт» мысалдарынан да көреміз. «Қарға мен бүркітте» Крылов қашан да үлкен ұры құтылады, кіші ұры тұтылады деген ойды айтпақ болса, Абай бұл тұжырымды әлдеқайда кеңейтіп, салмақтандыра түседі. Алайда әңгіме ұрлық туралы емес, әркімнің әлі, күш-қуаты туралы, оның қоғамдағы орнын танытады.«Азат басың болсын құл,Қолдан келмес іске ұмтыл», -деп тұжырымдайды ол. Сол сияқты «Бақа мен өгіз» мысалын да әңгімені тікелей оқиғадан бастайтын Крылов шығармасында жоқ төл шумақпен өрбітеді де, орыс ақынының қоғамның әр түрлі топтары бірдей бола алмайды деген пайымдауын жиып қойып, мысал-өлеңін«босқа таласып, қолыңнан келмейтін іске ұмтылма» деп түйіндейді. Кәдімгі «Аяз әліңді біл» деген халық санасына әбден сіңіп, ережеге айналған, бұқара түсінігіне тонның ішкі бауындай жақын философия.Абай Крылов мысалдарын аударып, орыс мысалшысының есімін қазақ халқына таныстырып қана қойған жоқ, надандық пен зорлық-зомбылыққа, адам мінезіндегі жат қылықтарға қарсы күресте қуатты құрал ретінде пайдалана отырып, оны жетілдіре, байыта, ұштай тұсті. Көп ретте орыс мысалшысының шығармаларымен сарындас-аударма жасап, төл туынды дерлік өлеңдерді дүниеге әкелді.

Аударманың әдеби тілінің бірнеше «үлгілерін» қарап көрелік.«Қорқып жан-жағына қарай жалтақтаған Том тепкішектің (?) үстінен шықты. У-ду болған адам дауыстары, қаптап кеткен қалың ызыңға айналған ағылшын, француз тілдерінде азан-қазан болып, құлдарын мақтап жатқан сатушылар дауыстары, өз бағасын айтып жатқан алушылар дауыстары естіледі» (Б. Стоу, «Том ағайдың лашығы». 322—323-беттер).«Май қарағайдың жалын жарығымен итке қосылған қалың көпір қиқу салып, дүбір көтеріп, ұлып, үріп сазға тартты» (384-бет).«Ертеңгі соққан жел оның құлағына қарай дәлдеп соғып тұр, сол себепті ол қорада болған әңгіменің бәрін естіді» (389-бет).«Я, серейді. Аузын ырсита бергенше осысы тәуір» (392-бет). «Ол қырылдап әрең дем алып жатты; салалық (?) кеудесі анда-санда қимылдап, бір көтеріліп, бір басылып жатты» (396-бет).Аударманың тілі бастан-аяқ осы дәрежеде. Осыдан оқушы қандай көркемдік әсер алады, не ұғына алады? Шынында да тіл бүлдірудің бұдан артық «үлгісін» табу қиын.Орысша текске түсінбей, автор ойын сорақы бұрмалау Л Соболевтің «Теңіз жаны» кітабндағы кейбір әңгімелердің аудармаларында кездеседі. Мысалға: «Бірінші тыңдаушы» деген әңгімені алайық. Бұл әңгіме теңіз флотында тұңғыш жұмысшы, матростар қатарынан маман, білімді офицерлер дайындап шығаруға арналған. Автор ескі әскери ғалымдардың Совет өкіметіне қарсы саботажын, буржуазиялық соғыс-теңіз ғылымының күйрегенін, сонымен бірге оның теорияшыларының да өмірге керексіз болып азып бара жатқанын, совет соғыс-теңіз флотына жұмысшылар мен матростар арасынан шыққан тың, жаңа күш келгенін көрсетеді. Шығарманың осы тамаша идеясы аударманың нашарлығынан оқушыға жетпеген. Автор академияның бұрынғы бастығының үйін былай суреттейді:«Журналы были давнишние — 1917 года, спокойная тишина, приветливая горничная, портреты адмиралов-флотоводцев, Николая 1 — основателя академии — и гравюры парусных кораблей на стенках, весь наложенный годами и не изменившийся порядок этой теплой, тихой и просторной квартиры отвлекал от того, что творилось за его дверьми».Міне, еліміз азамат соғысын аяқтап, жаңа қоғам құрып. жатқанда, қайнаған өмірден теріс айналып, іштен тынған, дәрменсіз, буржуазиялық ғалымның барлық қызық етер дүниесінің сиқы. Ал, аудармашы мұны былай берген:«Журналдар ескі, 1917 жылы болатын, алайда тым-тырыс тыныштық, жайдары ашық жүзді қызметші әйел, адмирал-флотшыларының (?) портреттері, Академияны құрушы Николай Біріншінің портреті, көп жылдар бойы бұрынғы қалпына келтірілген қабырғадағы желкенді корабльдердің гравюрасы және жылы, тыныш, кең үйдің өзгермеген тәртібі есіктің ар жағында болып жатқан істен көрі бұлар Борис Игнатьевичтің көңілін көбірек аударды» (Л. Соболев, «Теңіз жаны», 220-бет).

Танымал жазушы, ақын, мәдениеттанушы, көсемсөзші, аудармашы Әуезхан Әбдіраманұлы Қодар дүниеден өтті. Ол — 1958 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Абыла ауылында дүниеге келген.

   Әрине, жоғарыда көрсетілген қимылдарды әр аудармашы басынан өткізеді. Бірақ аудармашы тіл мен ділдің қадірін білу қажет. Олай болмаса өз ұлтын да рәсуа, басқа ұлтта рәсуа.

көрінгендей, <<бауырың>> сөзі - тектік ұғымның жалпы атауы, ал аударма мәтінде берілгендей <<брат>>, <> - осы ұғымның түрлік атауы. Келесі, сөз таңдаудағы негізгі тәсілдердің бірі - сөз мағынасын ұлғайту, дамыту түріне ой жүгіртейік! Контекстегі сөздің стильдік қызметінде субъективті-эмоционалды баға және әлеуметті коннотация бар болған жағдайда аудармашы стильдік қызметті ашатын амалдардың бірін - сөз мағынасын ұлғайтуды қолданады. Абайдың 36-сөзін аударуда тәржімашы ұлғайту тәсілін қолданған кездері де бар: <<Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар.>>.<<Тот, кто знает о таких терзаниях, но вместо того, чтобы великодушно простить виновного, усиливает его страдания, лишен человечности и милосердия>>. Аудармашы <<адамшылық>> сөзінің стильдік бояуын қоюлатады, өз тарапынан сөз қосып (<>-<<қайырымдылық>>), адамның ұяты болмаса оның адамшылық пен қайырымдылық қасиеттерінің болмайтынын, яғни адамшылық пен қайырымдылық қасиеттерінің өзара тығыз байланысын көрсетеді .

отырғаны сезіліп тұр. Ұлы акынның, өлендеріне өз жанынан сөз қосып, өрескел бұрмалап түпнұсқаны түсінбей аударатындар да баршылық екені сөзсіз.

Классик суреткер 1957 жылы 13 қаңтарда Н. Ановқа «Всего больше я хочу подчеркнуть, необходимости, максимальной желательности – более эмоциональность, окрашенности текста переводе... Я ведь и к статьи стараюсь писать лирически (пусть это условна), эмоционально оттененными. Психологические характеристики, грусть, печаль Абая, его взволнованность, именно его национальная природа бесконечно дороги для книги. Взволнованный в жизни, он создает взволнованные строки – в этом вся суть психологии творчества – мы и пишем о поэте. Потому-то и важны и эмоциональность и красочность языка, стиля» деп хат жазған. М. Әуезов осылайша аудармашыларға «Абай жолының» мән-маңызын, көркемдік-идеясының, эстетикасы мен философиялық сипатын аудармашыларға түсіндіре келіп, осы құндылықтың аудармада әлсіремеуін, кемімеуін талап еткен. Әр сөзінін, сөйлемінің аудармасына белсенді араласқан. Белгілі әдебиеттанушы, сыншысы З. Кедрина Ғ.Мүсірепов шығармаларының сапасыз аудармасына өкініш білдіре келіп, автордың орыс әдеби тілін жақсы білетінін, аудармаға тікелей араласу қажеттілігін өткір айтқаны мәлім.

береді. Бір орында Ұзақ қызынан сүйінші сұрайды: «Сүйіншім бар, қызым, әзірлен, қазір күйеу келеді», - деп. Қазақ заңында қыздан мұндай орында сүйіншіні әкесі емес, жеңгесі сұрайды. Манап тіл алмағаны үшін қызын жарып өлтірген. Қызымнан қалмамын деп шешесі пышаққа түсіп өлген. Мұндай іс қазақта ұшырай ма? Міне, осы секілді ерсі, хұты жиреніс орындары көп, оның бәрі бастан-аяқ сынға алынса, газет жүзіне сиярлық емес. «Манаптың» тәржімесі дұрыс және жатық болса, бар айып шығарушының мойнында ғана қалар еді, тәржіма қылушы мырза Лихановтың біраз күнәсына ортақ болыпты. Тәржіма көп орында қате берілген. Орысша сөздер қазақшаға тура тәржіма етілгенде түсініксіз келетіндіктен бұрын дейін десек, орысшасын өзгертпей тәржіма қыламын деп күлкіге айналдырған жер көп, мысалы: Гүлбахрам әкесіне айтады, «Әке, әзірге өлімді есіңе алма, ойнап-күліп тұрайық та». Бұл – әкесіне қызы айталық сөз емес. «Ойнап-күліп тұрайық та» деп айту қандай екі кісінің арасында айтылатыны белгілі. Тағы да Гүлбаһрам әкесіне: «Ә, менен тояйын деген екенсің», - дейді. Бұл не деген сөз. Қазақ мұны қалай түсінеді? Егер бұл ноғайша болса, онда да қыз – әкесіне мұндай сөз айтпаса керек. Гүлбаһрамның: «Әй, неге тағдыр менен күледі» деген де сөзі бар. Қазақ «менен күледі» демейді. Адвокат начальникке орысша «Вы очень педантичны» деген сөзді «сіз тым педонат екенсіз» деп аударған. «Педант» деген сөз өз түрінен бұзылып, өзге сөзге ұйқаспай тірі жанға түсініксіз болып қалған. Егер бұл сөздердің бәрі мұнша жосықсыз тәржіма қылыну себебі орысшасын өзгертпеу шығар деп ойлауға, мынадай мағынасы алыс, қате аударылға жерлері көп ұшырайды. Мысалы, «Заботы о твоем добре всегда, отец, живут во мне» деген жолдар былай тәржіма қылынған: «жарайды, әке, бәрін де істермін». Осылай орыс қазақтан бірдей соққы жеген сорлы «Манап» драмасын «Айқап» журналы жазуы – басуымен қоймай, енді бүгін бөлек кітап қылып шығармақшы.

. Внимательное отношение к художественной информации любого формата способсвтует повышению качества перевода.

Куй железо,пока горячо-Темірді ыстығында соқ;Асыққан қалар ұятқа-Прспешишь людей насмешишь:т.б

Мысалы, Гомердің әйгілі «Илиада» және «Одиссей» поэмаларын балалар түсінігіне жинақтап, проза тілімен В.Тудоровская орысша аударып шыкты. Мүндай гәсіл қазақ көркем аударма тәжірибесінде де бар.

   Жекелеген ақындардың дербес поэтикалық стилі мен мәнеріне, сипаттау ерекшелігіне, образдылық жүйесіне, өлең қүрылысындағы ізденісіне мән бермеу, т.б.;Ж) Өлеңдегі лексикалық және синтаксистік қайталаулар реттілігін, орынын сактамау, кейде қажетсіз қайталау жасау;Шет ел поэзиясын қазақ тіліне аударудағы Абай бастаған дәстүр кейінгі аудармашыларымызда үнемі сәтті жалғастық таппағандықтан, кей түста көркемдігі мен философиялық, эстетикалық, поэтикалық, үлттық сипатынан айырылып қалған өлеңдер аудармасы да аз емес. Мүндағы басты қателіктер-аталған халық өлеңінің қүрылымдық ерекшелігін білмеу, поэтикалык, теориялық түсініктің жетіспеуі, үлттық бейнелеу үлгілерінің, колоритінің сипатын сезінбеу, ақындық қабілеттің аудармашылық талантпен үштаспауы, тәржімалық тәсілдер мен тәжірибенің аздығы, аударманың тікелей сол халық тілінен емес, яғни аралық тілден, орыс тілінен жасалуы, орыс аудармашысының ыңғайында калуы. Әрине, үздік аударма үлгілері қайталанып жатса — бір жөн, поэзияны дербес ақындық мәнеріне, өз “меніне” айналдырып жіберу, тіл байлығын жете меңгермеу, т.б. Кейде семантикалық және грмматикалық үйлесімділік бүзылған. Аудармада ақын ойы толық жеткізілмеген, өзіндік “қосып, алулар” кездесіп те қалады. Мүның алдын-алуға коп жағдайда білікті аударма редакторының немесе аударма баспага жіберілерден бүрын мүқият қарап, сараптап, бағалайтын аударманы терең түсінетін рецензент-зерттеушінің араласуы қажет.Француз ғалымы Э. Малькиф де Вогюэ (1848-1910) орыс поэзиясын биік бағалаумен бірге: “Поэзия аудармасы әрқашан күрделі міндет күйінде қала береді. Мәселен француз аудармасындагы Пушкин өлеңдерін оқығанда түр- келбеті сол күйінде сақталған, бірақ жаны үшып кеткен одемі әйелдің денесіне қарағандай боласың” деп өлең аудармасының өрескел қателігін өткір сынаған.Поэзия аудармасында барлық көркемдік элементтерді сақтап, түтастай жеткізу мүмкін емес. Бірақ, ақындық, аудармашылык талантқа ізденіс пен қүштарлық, шеберлік пен тәжірибе үштасқан түста, поэтикалық тәржіма түпнүсқалық үлгіні табысты қайталай алады.

Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді. Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде қазақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындайды. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

сөйлемге біріктірілген.Аударма жұмысы осы әдіс-тәсілдермен ғана шектелмейді. Аудармашының басты міндеті сөзді дұрыс ұштастыра отырып, ойдың түсінікті болуына, аударманың сауатты болуына қол жетуізу.

С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясы 1930-1963 жылдары жазылғаны белгілі.Ал орыс тіліне 1938-1963 жылдар аралығында аударылды .Жазушы шығармасында ұлттық бояу мен болмысты,кейіпкерлер тілімен сол кезең ерекшеліктерін беруде көптеген фразеологизмдерді қолданған.Автордың және кейіпкерлер тіліндегі тұрақты сөз тіркестері,басқа да көріктеуіш құралдар қазақтың өмір салтының ерекшеліктерін және жазушу шығармашылығының өзіндік стилін көрсетеді.Фразелогизмдер аудармашыларға көп қиындық туғызады,өйткені тұрақты сөз тіркестері тарихи және ұлттық өзгешеліктердің айнасы.Алдымен назар аударатын бір жай;трилогияның түпнұсқасының үшінші кітабы 470 беттен тұрса, аудармадағы нұсқасы 378 бетке дейін қысқарған.Мұның өзі аударма мәтініне біраз деректер мен тілдік құралдардың кірмей қалғанын көрсетеді. «Өмір мектебі» трилогиясындағы фразеологизмдер орыс тіліне келесі тәсілдер арқылы аударылған: 1.Калька жолымен жаңа фразеологизм жасау.Бұл тәсіл тілдің өзіне ғана тән,басқа тілге аударуға келмейтін фразеологизмді,оның ішінде мақал-мәтелдерді аудару үшін қолданылады.Бұл жерде кальканың көбінесн лексикалық мағынасына көбірек назар аударылады.Егер фразеологизм дәл аударуға немесе калька жасауға келсежәне оның мағыналық,құрылымдық жәнефункционалдық ерекшеліктері сақталса,аталмыш тәсіл ең ыңғайлысы болмақ. Мысалы:» Ұрыдан қорыққан мал жимайды,шегірткеден қорыққан егін екпейді»-«Воров бояться-скот не держать,саранчи бояться-хлеб не сеять»\2,22б.\, \3,18б.\ ; «Қысқа жіп күрмеуге келмей қалды»-«Времени было с нитку» \2,22б.\,\3,18б.\;»Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл»-« Лучше знать одного по имени,чем сто в лицо» \2,20б.\,\3,16б.\; «Қайтқан малдың қайыры бар»-Вернувшийся конь приносит удачу» \2,35б.\,\3,32б.\. Шығармадағы фразеологизмдер жолма-жол аударылған және олардың мағынасы көмескіленбей, ұлттық ерекшеліктері сақталған. 2.Аударуда мазмұн,қорытынды сәйкес болғанымен,компоненттердің лексикалық мағынасына өзгерістер енгізіледі және бейнелеу тәсілі өзгеше болады. Мұндай аудармада фразеологизмдердің басқа тілділік екендігі аңғарылып тұрады.Мысалы: «Қызым үйде-қылығы түзде»-«Растет дочь дома-а живет на воле» \ 3,32\, \2,28 б.\ ,жалпақ шеше-каждому брат и кум. Бұл тұрақты сөз тіркестерінің орыс тілінде сәйкес баламалары болмағандықтан,аудармада компоненттердің лексикалық мағынасына өзгерістер енгізілген,түпнұсқаға жақындатып аударылған.Бұл жерде түпнұсқаның ұлттық және стильдік бояуы халықтың мінезі,салт-санасы назардан тыс қалмаған. 3.Аударма туындының түпнұсқамен бірдей немесе жуық дәрежеде қабылдануына,шығарманың көркемдік ерекшеліктері мен автор көздеген идеяны ,қаламгердің стилі мен тіл байлығын екінші тілде жеткізе білуге әсер ететін жағдайдың бірі-екі тілдегі балама фразеологизмдерді пайдалану\1,144б.\ . Аумағының,географиясының жақын орналасуына,дүниетанымға,қоршаған ортаға,табиғатқа,тұрмысқа,адам психологиясына қарым-қатысы бірнеше халық тілінде мазмұн-мағынасы,көркемдік,стильдік қызметі дәл орайласатын,алайда нысаны,грамматикалық тұрқы бөлек фразеологизмдерді қалыптастырады. Мұндайда кез келген халықтың өміріндегі ұқсас тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде туған фразеологизмдердің стильдік реңкін,контексті есепке алып,өзге тілдегі тұрақты сөз тіркестерін пайдалануға болады. Мысалы: екі көзімен ішіп-жеу-пожирать глазами, төбесі көкке жету-быть на седьмом небе,асыққан қалар ұятқа-поспешишь-людей насмешишь,аяғы-аяғына тимеу- не чувствовать ног под собой. «Өмір мектебі» трилогиясында аталмыш тәсіл кеңінен қолданылған. Мысалы: ұстаған жерінде тістесіп,қатып қалатын адам-у этого человека мертвая хватка\2,95б.\,\3,80б.\, көз жетпейді-не окинуть глазом \2,111б.\-\3,89б.\,сарқылмайтын бұлақ-родник неиссякаемый. Шығарма аудармасында тұрақты сөз тіркестерін қазақ тіліне жат,дөрекілеу баламалар арқылы жеткізу кездеседі.Мысалы: бой таса қыла тұрайын- все будет шито-крыто,заварил кашу,теперь расхлебывай. Өкінішке орай, аудармада түпнұсқадағы көптеген фразеологизмдер мүлдем аударылмай түсіп қалған.Сөзіміз дәлелді болу үшін,бір мысал келтірейік. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясының бір бетінде оннан астам фразеологизм қолданылған: шалқар көл,құшақ жайып қарсы алады,көңіл қосу,қыңқ ету,қарасы үзілуге айнапды, т.б.\2,34б.\.Аударма мәтінінде бұл тұрақты сөз тіркестері түсіп қалған. Ал фразеологизмдердің келесі бір тобы дайын балама емес,жай сөздер арқылы берілген:есіткен құлақта жазық жоқ-собственными ушами слышал,құшақ жайып қарсы алу-встречать как близких родичей\2,81б.\-3,78б.\. Сонымен,С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясындағы фразеологизмдерді үш топқа бөлуге болады: 1орыс тілінде баламасы бар фразеологизмдер;2орыс тілінде баламасы жоқ фразеологизмдер;3жартылай баламалы фразеологизмдер. Көркем шығарманы аудару процесінде сөздер менсөз тіркестерінің бейнелік ерекшелігі мен құрылымын еске ала отырып,ұлттық болмысты орыс тілінің тілдік құралдары арқылы нақты да көркем жеткізілуі қажет.Мұндай аударма ұлттық ерекшелікті сақтаумен қатар,әдеби-көркемдік тіл жүйесінің шеңбері кеңейе түседі.

бетінде «Манап» драмасы туралы Сәкен Сейфуллиннің мақаласы жарияланған. Осы мақалада драма біраз сынға алынды. Біріншіден жазушы қазақ тұрмысын білмегендіктен, қазақты мазақ қылып жазғаны және бұл шығарма қазақ тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына сай емес - дейді Сәкен Сейфуллин. Жазушының олай айтуының себептерін мына жағдайлардан көруге болады. Мысалы, Әлімбек шал өз немересіне айттырған Гүлбаһрамды, немересі қайтыс болғаннан кейін, өзіне әмеңгерлікке алуы. Манап драмасындағы қазақ әйелдерінің начальникке барып күйеуінің ұрғаны, малай қылғаны жайлы айтып, күйеулерінің үстінен арыз қылады. Бұны да Сәкен Сейфуллин жоққа шығарады. «Қазақтың әйелдері өйтіп топтанып та, жеке барып та начальникке арыз қылмайды» - дейді Сәкен Сейфуллин (Сәкен Сейфуллин 5-томдық шығармалар жинағы, 5-том Алматы-1988. «Манап» драмасы туралы, 7-бет). «Манап» драмасының тағы бір кемшілігі драманың қазақ тіліне сөзбе-сөз аударылғандығы (аударған Мұхамбетқали Есенкелдин). «Манап» драмасында қазақ халқына тән емес әдет-ғұрыптар көп кездеседі және орыс драмасына тән құбылыстар бар. 1919 жылы халық үйінің қасынан Ақмола жастарының тұрақты драмалық көркем үйірмесі ұйымдастырылды. Оның сахнасында Қошке Кемеңгеровтың «Бостандық жемісі», «Алтын сақина», «Ескі оқу» атты пьесалары мен Асаубаевтың «Бейнетті мал» пьесалары қойылды. Қазақстан қалаларында театрлар ашылып, қазақ жазушыларының пьесалары қойыла бастады. 20-30-шы жылдарда жазылған пьесаларда көтерілген мәселелер: ескі мен жаңаның күресі, сол кездегі кертартпа элементтерді әшкерелеу, молдаларды сықақ ету тағы басқа тақырыбы жағынан алғанда 1920-30 жылдардағы шағын пьесалар негізінен өмір талабынан қалыспай, оған сай дамыды [3, 9 б.]. Осындай тақырыптарды қамтыған шағын пьесалардың Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлин, Қошке. Кемеңгеров, Мұхтар Әуезов тағы басқа жазушылар қаламынан туғанын көреміз. Драматург-жазушылардың сол кездегі кертартпа жағдайларды, ескі мен жаңаның арасындағы жағдайды әшкерелеп жазғанын, өз шығармаларына арқау етіп алғанын пьесаларынан көруге болады. 20- 30-шы жылдары жас қазақ драматургиясының тақырыбының шеңбері онша кең бола алған жоқ. Революция, әйел теңдігі, махаббат, ескі салт-санаға қарсы күрес, жаңа өмір шындығының кейбір көріністеріне арналып жазылған үлкенді-кішілі пьесалар болатын.

мәтін болады.Сөйлемдер бірін –бірі толықтырып отырады.Ауызша аудармада оратордың сөйлегенін бөлшектеп тыңдап аударуға мәжбүр.Сөйлеушінің ары қарай не айтатыны белгісіз.

Біздің дәуірден бұрынғы әлуеметтік шындық шығармада қалай бейнеленсе, сол қалпында көрсету қажеттілігі. Тарихи туындының композициясынан бөлек, идеясы, сюжеттері ,кейіпкерлер жүйесі, әдет-ғұрыптар, фольклорлық мұралар, тартыс, жағдай, қарым-қатынас т.б түпнұсқадан еш уақытта ауытқымауы керек.2 Шығармада бейнеленген құбылыс, жағдай, оқиға, яғни дәуірдің көркем түрде сипатталуын автор өзінің ой-мақсаттарына негіздеп, түпнұсқада қалай бейнелесе, аудармада да солай көрсетілуі керек.3 Тарихи туындыда дәуірді ашатын анағұрлым сипаттағы белгілері: сол кезеңнің тілдік жағдайы, уақыт

туындыны кез келген аудармашы аудара алмайды. Егерде жазушы бойында тарихқа, тарихи түлғаға деген зор қызығушылық, сүйіспеншілік шығармасының рухында қалай көрініс тапса, аудармашыда да алдымен авторға, үлт тарихына, тарихи туындыға деген зор ықылас, айрықша қүштарлық болуы маңызды. Ә. Кекілбаев “Көркем аударма - қоғамның тарихи оптимизмі мен рухани саулығының негізгі көрсеткіші... басқаларды жан-жақты танып-білген сайын адамзаттың үлы отбасында өзіңді де сенімді сезінесің”, - деп түжырымдайды. Тарихи шығарма арқылы бір халықтың дөуірлік тіршілігін, кәсібін, мәдениетін, әдет-ғүрпын, тарихын, тілін, болашаққа үмтылысын, арман-мүратын, күресін білумен бірге, үлтгың үлы түлғалары, тарихи қайраткерлері таныстырылады. Мысалы, М. Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясы үлы ақын Абайды әлемге танытумен қатар, қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдениеті мен түрмыс-тіршілігін, әдет-салтын өзге халықтарға терең сезіндірді.Тарихи романды зерттеу көркемдік таным мен шығармашылық әдістеме жасау арқылы жүзеге асырылса, ол төсіл Л.Н. Гулиев анықтауынша, шығармадағы “шындық, жазушының дүниетанымын және көркемдік ойлау жүйесінен” айқындалады (7. с. 175). Сондықтан аудармашы алдымен тарихи прозаны осы түрғыдан зерттеп, танып-біліп, содан кейін аударғаны дүрыс.Кейіпкердің мінез-қылығы көркем шығармадағы басты элементтердің бірі саналса, оның белгілі бір ортада түлға ретінде қалыптасуын, өсу жағдайьг тарихи оқиғалар түтастығымен берудегі автор ой-мақсаты аудармада айқы көрінуі тиіс.Тарихи шығарма шарттары және аудармаларындағы басты мәселелер.Тарихи шығармаларды тәржімалаудағы тарихи үстаным беріктігі.Тарихи әдебиеттерді аударудың қиындығы және аудармашылық машықтану.Тарихи шығармалар аудармасындағы көркемдік, психологиялық элементтер түтастығын сақтау мәні.5« Қазақ тарихи туындыларыны ң аударылу деңгейі.

білумен бірге, шетелдік және орыс, қазақ болмысының реалийлерін жақсы білуге қатысты.Терминдерді қазақшалау жөні осы екен деп, оның бәрін аудару қажеттілігі де шамалы. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы «тіл термин сөздер арқылы көбірек жаңарады», деген ой айтады. Термин баламалары – ғылыми тілдің дамып, жетілуін айқындап отырады. Терминді қажетті жерінде ғана қолдану пайдалы. Бұл жөнінде А.Байтұрсынұлының тұжырымы – бұлжымас қағида: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздердің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек» Сондықтан да ағылшын, орыс тіліндегі терминдерге ғылыми сипаттама жасап, оның мағынасын ашып, айқындап, ұлттық ұғымға сай қолдану – мұқият ізденіспен шешілетін мәселе. Термин – жалпыға бірдей баршаға ортақ, түсінікті сипатта жасалуы тиіс. Өкінішке орай, бәрімізге түсінікті, дағдылы қолданысқа енген орыс терминдерін жаңалау желеуімен жасалған, бір-біріне ұқсаған, мағыналық жағынан жақындап кеткен, қарапайым халықты шатыстыратын баламалар да жоқ емес. Бұл жөнінде әркез белгілі тіл мамандары Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, Ш.Құрманбайұлы т.б. белсене ат салысып жүр. Терминді аударуда да дәлдік, қысқалық, жүйелілік сақталуы шарт. Ең бастысы баламасы түсініксіз, ұғымға ауыр болмауы тиіс.

көрінбеген геройлар екенін бірден аңғарамыз. Бұл кейіпкерлер біздің поэзиямызда соңғы жылдары - Отан соғысынан кейінгі жылдары ғана орын тепті. Бұл да біздің поэзиялық өнеріміздің өсу, шыңдалу жолында, жемісті екенін анық көрсететін фактілер. Демек, қазіргі қазақ совет поэзиясының қамтып отырған тақырыбы да “географиялық территориясы” да кең екен. Және жазылған шығармалардың көлемі де әр түрлі: олардың ішінде советтік шындықтың кішкене бір көрінісін бейнелейтін шағын өлеңнен бастап, еліміздің басынан кешірген елеулі кезеңдерін кеңінен толғайтын көлемді, тынысы кең романға дейін бар. Бұлай дегенде, біз қазақ совет поэзиясында соңғы жылдардың ішінде жазылған шығармалардың бәрі ығай мен сығай деуден мүлдем аулақпыз. Бірақ олардың ішінде талғампаз оқушы қатал уақыт сынынан абыроймен өткен шығармалар аз емес. Бұл шығармаларды көп үлтты совет оқушыларына ұялмай ұсынуға әбден болады. Сондықтан біз қазақ совет поэзиясының таңдаулы нұсқалары орыс тіліне аударылып, коммунизм құрып жатқан совет халқының рухани азығына айналса екен дейміз. Өйткені біздің дәуірімізде әрбір жазушы көп үлтты совет халқының жазушысы, сондықтан оның қаламынан туған сәтті, талантты шығарма бір үлттың ғана емес, ұлтты совет халқының рухани азығына айналуы мүмкін.Алайда, қазақ ақындарының уақыт сынынан абыроймен өткен, көп үлтты совет оқушыларына үялмай үсынуға жарайтын тәуір, озык шығармалары орыс тіліне тіпті шабан, тіпті баяу аударылып келеді. Бүл - біздің әдебиет шаруашылығымыздағы зор кемістік, үлкен олқылық. Аудармаға халық пен халықты рухани жағынан жақындастырудың ең бір мықты қүралы деп қарасақ, ең алдымен осы мәселені - орыс тіліне аудару мәселесін -жедел қолға алу керек.

тілмен бейнелеген суреттемесі бүрмаланды. Профессор Н.Сағындықова атап көрсеткендей, фольклорлық мүраларымыздың орыс аудармасында түпнүсқада жоқ сөздерді қосу әуестігі қатты байқалады. 1 Мүндай ойдан қосып жіберу, болмаса түпнүсқадан аудармай қалдырып кету — қазақ эпостарын аударушыларға төн дағды.Үлттық эпосымыз «Қозы Көрпеш-Баян сүлудың» Вера Потапова аударған орысша мәтінінен аудармашының тәжірибелілігі, үқыптылығы байқалады. Түркі тілдес халықтар арасында 1500 жылдығы кеңінен тойланған үлы мүраны көркемдік-эстетикалық, эпикалық қуатымен, үлттық колоритін, сүлулығын, тілдік өрнегін бар бояуымен жеткізуде аудармашы біршама еңбек еткен. Аударма зерттеушісі К.Чуковский үйғарымында түпнүсқада өр төрт жол 6сыртқы және ішкі үйқастарға қүрылса, В.Потапова әрбІр төрт жолда үйқастың өзара үйлесуіне қатты көңіл бөлген. Бір қарағанда, басқа тілдегі өлең жолдарын синтаксисі аударуға қиын соғатын орыс тілінің заңдылықтарымен жеткізу оңайға соқпайды. Бірақ аудармашының фольклор аудармасында қалыптасқан тәжірибесі, ізденісі жемісін берген. Оның үстіне бір-бірімен мағыналық тізбек қүрайтын төрт жолды өлең мүнда бір емес, бірнеше рет кездеседі. Түтастай тізбектеліп бір-бірімен жалғасып жатқан фольклорлық жыр үлгісінің үлттық негізін сақтау әркімнің қолынан келе бермейді. Алайда, қүлшына кіріскен, шын ниет танытқан аудармашы қиюын тауып қиюластыра білген. В.Жирмунский зерттеуінде шотланд балладасы «Эдвардпен» «Қозы Көрпеш-Баян сүлудың» сарындық үқсастығын атап көрсеткен.Фольклорлық шығармаларды аударуға орыс аудармашысы С. Липкин де біраз еңбек сіңірді. Ол бір өзі «Ләйлі-Мәжнүн», «Жангар», «Манас», осетиндік «Нарт», үндінің «Махабкарата» тәрізді әйгілі эпикалық шығармаларын аударды. Ол ХУІІ-ХІХ ғасырдағы үнді, парсы, тәжік, өзбек, қазақ, қырғыз, түркімен, дағыстан, татар, абхаз халықтарының поэзияларын аударған. Шығыс поэзиясына қүштарлық табысты аударма жасауына көмектесті. Дегенімен, С.Липкиннің еркіндігі кейде сәтсіздікке үрындырған.Орыс әдебиетінде қазақ поэзиясының үлгілері XVIII ғасырдың басында көріне бастады. 1820 жылы фольклорлардың аудармадағы алғашқы бастамасы болып «Едіге» туралы аңыздың айтарлықтай бөлігі өлең түрінде тәржімаланды. Эпостың жекелеген бөліктері аударылғанымен, үлттық поэтикалық шығарма- лардың бастапкы үлгісі ретінде орыс әдебиетшілерін қызықтырған. Аударма еркін, орыс блиналарына үқсас жасалған. Дегенмен, орыс зерттеушілері қазақ эпостарын өз тілінің заңдылығы бойынша біржақты талдағандықтан, айтылған кейбір пікірлермен келісуге де болмайды. В.Потапова 6-8 шумақ өлең жолдарын ықшамдап, төрт шумаққа сиыстыруға тырысқан. Бүгінге дейін анықталғандай, «Қозы Көрпеш-Баян сүлудың» 8 нүсқасы болса, сол кездегі зерттеулерге негіз болған әрі Шоқан Уәлиханов жазып алған жинақ нүсқасы бойынша аударма жасалған. Аудармашының еркіндігі бірден сезіледі. Аудармада көп нәрсе қамтылмай қалған. Таң намазын оқуы, қаңтарулы атты көруі, қалың таудың арасында келе жатуы тәржімаланбаған. Алғашқы екі жол, мүмкін аудармашыға қиын тиген шығар. Өйткені атты қаңтару дегенқазақы үғымға ғана төн. Сахараны «солңечных равнин» деп үйқас үшін алған. Сахара күйінше алса, бәлкім оқырман Африканың қүмды шөл даласын айтып түр деп қалуы да мүмкін. Бірақ сахараның қазақ үғымында шетсіз, шексіз дала екеніне сілтеме жасау артық болмас еді.

. Фразеологиялық емес аударма деп – фразеологиялық емес құралдар арқылы жасалынатын тәржіма түрін атауға болады. Әдетте лексикалық балама, калька, сипаттама, түйдектелген (комбинированный перевод) аударма тәсілдері қолданылады. Аударманың мұндай түрі фразеологиялық сәйкестіктердің ешбір түрін таппаған кезде ғана пайдаланылады. Кемшіліктері – фразеологизмнің бейнелілігі, экспрессивтілігі жоғалып, мағыналық реңкі жоғалады. Сондай-ақ антонимдік аудару және сөзбе-сөз аудару тәсілдерін кездестіреміз. 

Мариясында» сюжет басталмас бұрын оқиға өтетін ортаның көркем табиғаты суреттеледі. Шәкәрім шығармасындағы бір ерекшелік – табиғаттың көркем суретін тамсана баяндауы емес, бірден Кәрі Шыңғыстауға қайырылып, лирикалық кейіпкердің монологы арқылы Шыңғыстауға жанды бейне ретінде психологиялық мінездеме жасауы. «Кәрі Шыңғыстау, Адам жерге ие болғаннан бері қарай сенің көрмегенің жоқ. Көне көзі кәрі Шыңғыстауда талай адамның құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып суалғаны да болады, талай-талай жас жүрек мұратына да жетті, неше түрлі ел дәурен сүріп, аң аулап мал да бақты, талай-талай сабаздың қаны судай да ақты». Осынша оқиғаға куәгер Шыңғыстауда бір кез автор жазғырғандай да болады.Романдағы негізгі кейіпкердің бірі Әділ – жалғыз шешесі ғана бар кедей жігіт, қолында бар азын-аулақ малымен күн көріп отырған қарапайым жанұя. Мария болса әкесі мен шешесі қайтыс болып, аға-жеңгесіне қарап қалған он бес, он алтылардағы жас қыз. Әлі ештеңеден хабарсыз, бейкүнә жан. Құда түсіп, қалың мал беріп, атастырып қойған Марияны Әділдің қолына ұстатып тұрып, тілектес жеңге Зылиха: «Әжем марқұм өлерінде маған тапсырып кетіп еді. Еркем мен екеуіңнің қызығыңды көрсем арманым жоқ деуші еді. Міне, аман-есен қалыңдығыңды қолыңа бердім», — дейді.Лирикалық кейіпкер қаншама жылы шыраймен бүйрегі бұрып, өз кейіпкеріне жанашырлық жасап отырса да, Әділ мен Марияның адал махаббаттарына қарсы шығар қара ниеттестер табылады. Олар: Шешенбаймен жасасқан серттің үдесінен шығу жолында талай зорлық-зомбылыққа барған болыс баласы Еркімбек пен оған көмектесуші, малы мен атағына қызығып, Марияны, астыртын сатушы кіші аға жеңгесі Үсен мен Жәмилә.Шәкәрім шығармасына басты арқау болып – қоғам өмірі, әлеуметтік тұрмыс ахуалы тартылатынын көреміз. Романдағы басты тартыс адам мен адам арасындағы қатынастан емес, адам мен қоғам арасындағы қайшылықты қатынастан туындайды.Қорыта келгенде, Шәкәрім Құдайбердиевтің «Әділ мен Мария» атты прозалық шығармасы – ұлттық әдебиетімізді байытқан, өз заманының шындығын дәл, шынайы жеткізе білген, біздің әдебиет тарихымыздан өзіне лайық орын алуға тиіс, көркем шығармалардың бірі.

тәсіліншебер қолданады. Ауызекі сөйлеу тілінің заңдылықтарын сақтай отырып, кейіпкерлердің репликаларын түпнұсқадағыдай қысқа және әсерлі береді.

. Ресми іс-қағаздарын аударудың әдіс-тәсілдері қатарында дайын баламаны пайдалануды атап айту керек. Құжат тілінің бір ерекшелігі- тілдік үлгілерді жиі қолдану, ойды біркелкі түрде жеткізу, екіұштылыққа жол бермеу мақсатында құжат стилінде тілдік үлгілер қолданылады, олар дайын құймалар арқылы жүзеге асады. Мысалы, құжаттарда «возложить ответственность, в целях обеспечения, принимая во внимание, руководствуясь статьей указа» және т.б. сөз тіркестері жиі қолданылады, бұлар құйма болғандықтан, қазақ тілінде де бәріңғай нысанда алынғаны жөн, аударма тәжірибесінде бұлар былай анықталып жүр: возложить ответственность-жауапкершілік жүктеу, бұйрық райында қолданылса, жауапкершілік жүктелсін, в целях обеспечения- қамтамасыз ету мақсатында, принимая во внимание- еске ала отырып, руковоствуясь статьей указа- жарлықтың бабын басшылыққа алып. Аударманың осындай әдісі ғылыми әдебиетте дара баламалы, яғни многоэквивалентный деп аталады.Осы аудармамаен қатар, ресми іс қағаздары стилінің лексикасын аударуда таңдамалы әдіс қолданылуда. Ғылыми әдебиетте екі немесе бірнеше синонимдік сөздерден, не сөз тіркестерінен біреуін таңдап қолдану таңдамалы әдіс деп аталады. Құжаттарда бұл әдіс кейбір сөз тіркестерін аударғанда кездеседі.

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Загрузка...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

37 − 33 =