М.Әуезов өмірі. «Татьянаның сахарадағы әні». сабақ жоспары. 8 сынып

Сынып:8

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов өмірі. «Татьянаның сахарадағы әні».

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру, «Татьянаның қырдағы әні» мәтінін оқыту арқылы бас тақырыбының маңызын,көркемдік идеясын меңгерту;

2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: Мұхтар еңбектері арқылы туған елін,Отанын сүю,құрметтеу сезімдеріне әсер ету.

Адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруді жалғастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: М.Әуезовтың портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі,

М.Әуезов туралы пікірлер т.б.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын

айту.

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу – побуждение.

* Ұжымдық жұмыс: оқушылардың М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы өткен

тақырыптар бойынша білімдерін тексеру арқылы жаңа мәліметтер беру.

«Инсерт» стратегиясы.

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.

Мұғалім мәтінде шағын-шағын оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсіну үшін 3 бөлімге бөліп, беруі тиісті.

1 топ – мәтіннің 1-ші бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады

2 топ – мәтіннің 2 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады

3 топ – мәтіннің 3 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады

* Мәтіннің мағынасын ашу бойынша сұрақтар:

1 топқа: 1.Абайдың қандай шығармаларымен таныстыңдар?

2.Абай үшін ең бақытты шақтары қай кез?

3.Абай орыс әдебиетінде кімдердің шығармаларына көп үңілді?

4.Ол Пушкиннің «Евгений Онегинің» оқығанда қандай әсерде болды?

5.Поэманы оқығанда ақынның көз алдына кімдер келді?

2 топқа: 1.Ақшоқыдағы ауылда не болды?

2. Думанды ұйымдастыруға көмектескен кімдер?

3. Кәкітайды сипаттаған жерлерді мәтіннен тауып оқыңдар.

4.Ауылға (келген) қонақтар қайдан келді?

5. Олар кімдер?

3 топқа: 1. Абай Әйгерім мен Ерболдарға кімдерді жиюды бұйырды?

2. Әйгерім қандай ән шырқады?

3.Ол әнін кімге арнадыдеп ойлайсыңдар?

4.Әйгермнің өлең айтқан кездегі көңіл-күйін, толғанысын суреттеген жерлерді

мәтіннен тауып, мәнеріне келтіріп оқыңдар.

5. Әйгерімнің әні Абайға қалай әсер етті? Татьянаның мұңдасы,тағдырласы

кімдер?

Ұжымдық жұмыс: «Татьянаны ақын өз елінің тілімен сөйлете бастады», - дегенді қалай

түсінесіңдер?

III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия

Оқушылар өз беттерімен жасаған жұмыстары бойынша әңгімелейді.

1. Бүкіл үш топ оқыған мәтіннің бөлімшесі бойынша, бас кейіпкерлерін іріктеп оларға

сипаттама беруін көрсететін «Ассоциация» құрастырады.

2.Мәтіннен сұраққа сәйкес үзінділерді тауып алып оқиды.

3. Абай мен Пушкин туралы салыстыру «Венн»диаграмасын жасайды.

4. Мазмұндамаға дайындық ретінде «Автордың орындығы» стратегиясы бойынша әр топтан 1-2 оқушы өздеріне берілген бөлімше бойынша түсінгенін өз сөздерімен мазмұндап береді. Әр топ өз бөлімшесіне ат қоюы керек.

* Бағалау. Сарапшылар тобына сөз беру.

* Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Мұхтар Әуезов –Шығыстың Шолоховы және Қазақстан үшін екінші Абай», - деп орыс достары айтқан.

Өлең ұқсаң,түсінсең,шәкірттерім,

Абай мен Мұхтарды көптеп оқы!?

Ұлы Абай мен Мұхтардың бейнесін көз алдыңа елестетіп,

Шабыт тудыр,өлең тудыр жұрт оқитын!»

* Үйге тапсырма: мәтінді оқып келу, мазмұндама жазуға дайындалу.

1 Star2 Stars3 Stars4 Stars5 Stars (No Ratings Yet)
Загрузка...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

93 − 85 =